2025 жылдың 26 наурызында Смирново дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде білім беру мекемелері арасындағы аудандық кәсіподақ спартакиадасының екінші кезеңі өтті.
Биылғы спартакиада салалық кәсіподақ ұйымының 120 жылдығына және «Көк жағалылар» жылына орай ұйымдастырылып отыр. Кәсіподақ бұл шараны спорттың денсаулықты сақтаудың жолы ғана емес, сонымен қатар ұжымдық жұмысты жақсарту мен командалық рухты нығайтудың тиімді құралы екенін көрсету үшін ұйымдастырып отыр.
Жарыстың екінші кезеңі келесі спорт түрлерінен өтті:
Футзал
Бес асық
Дартс
Спартакиаданың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Черкасск орта мектебінің командасы футзалдан бірінші орынды 🥇 иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!


