17 сәуірде Черкасск орта мектебінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Патриот» атты әскери-патриоттық жұмыс айлығының ашылуына орай салтанатты жиын өтті. Шара барысында 5-сынып оқушылары соғыс туралы тақпақтар айтып, шынайы сезімге бөленіп, өткен ерліктерді есте қалдырды.
Мектеп директоры Ж. А.Жануспаева құттықтау сөз сөйлеп, тарихи жадыны сақтау мен өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Іс-шараның жүргізушілері, мектеп кеңесшісі Е.А.Шлетгаур және АӘПТ оқытушы-ұйымдастырушысы Б.К.Макин бір айлық науқан мен алдағы іс-шараларға толық шолу жасады.
Сонымен қатар, іс-шарада мектеп оқушыларының ата-бабаларының ерлігіне мақтаныш сезімін және өз елінің болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға арналған Ұлы Отан соғысы тарихының маңызды сәттерін көрсететін тақырыптық стенд пен көрме ұсынылды.


