4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.
Бұл күні біз рәміздеріміздің – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның терең мағынасы мен маңыздылығын еске салғымыз келеді. Бұл мемлекеттің ерекше белгілері ғана емес. Олар – егемендігіміздің, бай тарихымыздың, мәдени мұрамыздың, халқымыздың мызғымас бірлігінің құдіретті бейнелері.

Мемлекеттік рәміздер – біздің ортақ мұрамыз, мұраттарымыз бен құндылықтарымыздың көрінісі. Оларды құрметтеу – елімізге, тарихымызға, болашағымызға деген құрмет. Рәміздерімізді мақтан тұтып, әрқайсымыз ұлы Қазақстанның бір бөлшегі екенімізді ұмытпайық!

Қосымша ақпарат көздері