
«Заң және тәртіп» республикалық айлығы және «Адал Азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында бүгін біздің мектепте құқықтық ақпарат күні өтуде.
Құқықтық мәдениеттің қалыптасуы мектеп алаңынан басталады. Біз үшін әрбір оқушының өз құқықтарын біліп қана қоймай, қоғам мен заң алдындағы жауапкершілігін терең білуі маңызды.


