
Бүгін «Заң және тәртіп» жалпы республикалық акциясы аясында 2-11 сынып оқушыларына «парасаттылық сағаты»ақпараттық сағаты өткізілді. Іс-шара қашықтық форматында өтті.
Сынып жетекшілері балаларға адалдықты, жауапкершілікті және азаматтық сананы қалыптастыруға бағытталған интерактивті материалдар дайындады. Мұндай кездесулердің басты мақсаты-өскелең ұрпақты әділдік пен заңға құрмет рухында тәрбиелеу.

