
Жасөспірімдер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық алаяқтықтың алдын алу жөніндегі жұмыс шеңберінде жалпы білім беретін мектептерде «Қаржы сақшысы»қаржылық қауіпсіздік бойынша компьютерлік ойын өткізіледі.
Ойын Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қатысуымен әзірленді және білім алушыларда алаяқтық схемаларды тану дағдыларын, жеке қаржыға жауапкершілікпен қарауды және цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
8-9 сынып жетекшілерімен оқушылардың чаттарына іс-шараны өткізу туралы ақпарат жіберілді. Педагогтер қаржылық қауіпсіздік тақырыбының өзектілігін түсіндіріп, қатысу тәртібі мен интерактивті ойынның өту барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Жұмыс басталар алдында білім алушылар нұсқаулықпен танысты. Іс-шараның интерактивті форматы материалды жақсы меңгеруге және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың практикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.



