«Черкас орта мектебі» КММ-де «Таза Қазақстан»республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Сенбілік барысында мектеп оқушылары мен қызметкерлері ауыл аумағын қоқыстан тазартып, туған өлкені абаттандыруға үлес қосты.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаны таза етіп қана қоймай, адамдарды біріктіреді, жауапкершілік пен табиғатқа қамқорлық сезімін дамытады. Атқарылған жұмыстардың арқасында біздің ауыл айтарлықтай таза әрі жайлы болды.
Акцияға қатысушылар жағымды эмоцияларға ие болды және болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау қаншалықты маңызды екеніне тағы да көз жеткізді.
Экологиялық акцияға қатысқандардың барлығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз!



